Жаңалықтар

Қазақстан 26 елмен өзара визасыз режим енгізу туралы келіссөздер жүргізіп жатыр

Қазақстан 26 елмен өзара визасыз режим енгізу туралы келіссөздер жүргізіп жатыр
Фото: Коллаж El.kz 04.05.2023 17:11 1153

Қазақстан 26 елмен өзара визасыз режим енгізу туралы келіссөздер жүргізіп жатыр. Олардың қатарында Австрия, Сауд Арабиясы, Сан-Марино, Бахрейн және басқалары бар. Бұл туралы ҚР МСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сонымен қатар Қазақстанға шақыру туралы талаптың күшін жою және азаматтары электронды виза рәсімдей алатын елдердің тізбесін кеңейту қарастырылады.

Бұдан бөлек, БАӘ азаматтары үшін визаны жеңілдетілген түрде беру мәселесі талқыланып жатыр.

Шетелдік саяхатшылардың Қазақстанға қызығушылығы жоғары. Сол себепті біз еліміздің туристік әлеуетін толық ашу үшін  жүйелі түрде жұмыс істеп жатырмыз. Оның ішінде келуші туристер ағынын ұлғайту мақсатындағы іс-шаралар бар. Сонымен қатар, біз көші-қонды бақылауды жақсартуға мүмкіндік беретін тетіктерді іске асырып отырмыз. Соның бірі eQonaq ақпараттық жүйесі, - деді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға