Жаңалықтар

Қазақстан 2024 жылы биологиядан халықаралық олимпиада өткізеді

Қазақстан 2024 жылы биологиядан халықаралық олимпиада өткізеді
Фото: Оқу-ағарту министрлігі 17.10.2023 16:14 879

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы директоры Ғаждембек Тұрсынов Қазақстан халықаралық олимпиада өткізуге ұсыным бергенін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Биыл халықаралық беделді олимпиадаларда 23 қазақстандық оқушы жүлделі орындар алып (2 алтын, 11 күміс, 10 қола), еліміздің көк байрағын биікке көтерді. 

Қазақстандық оқушылардың осындай жоғары жетістіктерін ескере отырып, 2024 жылы биологиядан ең беделді Халықаралық олимпиаданы Астана қаласында өткізу жөнінде Халықаралық ұйымдастыру комитеті шешім қабылдады. Оған әлемнің 80 елінен 330-ға жуық үздік жас биологтардың қатысуы күтілуде. Әлбетте, мұндай шараны өткізу – еліміздің оқу-ағарту саласы үшін үлкен мәртебе және жетістік. Атап айтатын болсақ, биыл Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен биологиядан халықаралық олимпиадаға қазақстандық 4 оқушы қатысып, 2 күміс, 2 қола медаль иеленіп, 100 пайыз сапаны көрсетті.

Айта кетейік, алтын медаль иегеріне – 1500 АЕК, күміс медель иегеріне – 1000 АЕК, қола медаль иегеріне – 500 АЕК мөлшерінде бір реттік ақшалай сыйлық, сонымен қатар оларды дайындаған педагогтерге 150 мыңнан 500 мыңға дейін сыйақы беріледі. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға