Жаңалықтар

Қазақша сөйлемегені үшін Америкаға виза бермеген. Консулдық пікір білдірді

Қазақша сөйлемегені үшін Америкаға виза бермеген. Консулдық пікір білдірді
Фото: Әлеуметтік желі 05.10.2023 15:15 5670

АҚШ елшілігі орысша сөйлеген қазаққа виза бермеген. АҚШ Бас консулдығының баспасөз қызметі бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Әлеуметтік желіде АҚШ-қа бару үшін виза алғысы келген қазақтың орысша сөйлегені, қазақ тілін білмегені үшін оған америкалық консулдың виза беруден бас тартқаны туралы видео тарады. 

Қазақша сөйлемегені үшін АҚШ-қа виза ала алмай қалды. АҚШ елшілігіне виза алуға барып, орысша сөйлеген қазаққа америкалық консул "неге қазақша сөйлемейсің?" деп виза беруден бас тартқан, - деп жазылған.

Елшілік сұхбаттасудың үш тілде жүргізілетінін еске салды.

Сұхбаттың қай тілде өткені консулдық қызметкердің шешіміне әсер етпейді. Виза алушы сұхбатты ағылшын, қазақ, орыс тілдерінде өткізе алады. Консулдық қызметкерлері әрбір визалық өтінішті жеке талаптарына сай қарастырады. Былтыр берілген виза саны болса бұған дейінгі көрсеткіштен асып түсті, - деп жауап берді АҚШ-тың бас консулдығының баспасөз қызметі өкілдері Massaget.kz  порталына.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға