Жаңалықтар

"Қазақша әндер бізге жарамайды". «Business FM» радиосының басшысы халықтың ашуына тиді

"Қазақша әндер бізге жарамайды". «Business FM» радиосының басшысы халықтың ашуына тиді
Фото: businessmir.kz 29.11.2023 11:13 1589

«Business FM» радиосының бас директоры Рустам Мақсұтов қазақ тіліндегі әндер туралы пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Радио басшысы әуе толқындарының музыкалық мазмұны жөнінде мәселе көтерді. Қазақ әндерінің көпшілігі радиоға жарамайтыны туралы атап өтті.

Радиостанциялардың, тыңдармандардың өз талғамы бар. Негізі қазақтілді аудиторияға арналған әндер біз ұсынып отырған талаптарға сай бола бермейді. Бұл — мейрамханалар мен кафелерде айтылатын әндер. Сондықтан бұл біздің форматқа сәйкес келмейді, -дейді радионың бас директоры.

Рустам Мақсұтов бизнес пен экономика саласында қазақ тілінде контент ұсынатындар аз екенін тілге тиек етті.

Айта кетейік, «Business-FM» радиостанциясы мен Businessfm.kz сайты және MuzzOne телеарнасы Tan Media Group холдингінің құрамына кіреді. Холдингтің акционерлерінің бірі - қазақстандық кәсіпкер Арманжан Байтасов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға