Жаңалықтар

«Қазақконцерт» өнерпаздары Еуропада өнер көрсетті

«Қазақконцерт» өнерпаздары Еуропада өнер көрсетті
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі 14.04.2024 05:22 396

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының солистері мен шығармашылық ұжымы Болгарияда өнер көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Музыкалық іс-шара София қаласыныі Sofia Balkan Palace сахнасында өтті. 

Республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары Біржан Айтахметов, Ардақ Елеусіз, Ақерке Тәжібаева, Венера Табыс пен «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығының солистері белгілі қазақ композиторларының күйлерін орындап, қазақ мәдениеті мен өнерін көпшілікке көрсетті. 

Концерттік бағдарламада «Сарыарқа», «Ана туралы жыр», «Балбырауын», «Ата толғауы», «Адай», «Науысқы», «Кертолғау», «Аққу», «Желсіз түнде жарық ай» сияқты шығармалар орындалды, - деп жазылған мәдениет және ақпарат министрлігі таратқан мәліметте. 

Мәдени шараны Қазақстанның Болгариядағы Елшілігі ұйымдастырып отыр. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға