Жаңалықтар

QazaqGeography төрағасы Моңғолияның жоғары мемлекеттік наградасымен марапатталды

Бұл туралы «QazaqGeography» РҚБ баспасөз қызметі мәлімдеді
QazaqGeography төрағасы Моңғолияның жоғары мемлекеттік наградасымен марапатталды
14.10.2022 12:16 937

Моңғолия «QazaqGeography» Басқарма төрағасы Орман Нұрбаевты екі ел арасындағы қатынастардың дамуына қосқан үлесі үшін жоғары наградамен марапаттады, деп хабарлайды El.kz.

Қазақстан мен Моңғолия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған шара барысында салтанатты марапаттау рәсімі өтті. 

QazaqGeography төрағасы Моңғолияның жоғары мемлекеттік наградасымен марапатталды

Қазақстан Республикасы мен Моңғол Халық Республикасы арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған іс-шара барысында салтанатты марапаттау өтті. Моңғолия Премьер-министрінің орынбасары Саянбуян Амарсайхан Моңғолия мен Қазақстан арасындағы қатынастарды дамытуға қосқан зор үлесі үшін «QazaqGeography» РҚБ Басқарма төрағасы Орман Нұрбаевқа «Алтын жұлдыз» орденін табыс етті.

«Қазақстан мен Моңғолия 30 жылдық ынтымақтастықты саяси тұрғыдан байланыстырады, бірақ біздің мемлекеттеріміздің достық қарым-қатынастарының тарихы әлдеқайда көне және елдер арасындағы бұл байланыс тек нығая түсетініне сенімдімін. «Алтын жұлдыз» орденінің иегері болу мен үшін үлкен мәртебе және жауапкершілік. Сонымен қатар, Моңғолия басшылығы Қазақстанның бауырлас халқына деген құрметін білдіріп, елдеріміз арасындағы қарым - қатынастың маңыздылығын атап өтетінін түсінемін», - деп атап өтті Орман Нұрбаев.

Айта кетейік, Нұрбаев Орман 2007-2012 жылдары Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымында болды.

«Алтын жұлдыз» ордені 1936 жылы Моңғолияның әскери күшін нығайту, оның экономикасын, мәдениетін және денсаулық сақтау саласын дамыту ісінде табысқа жеткен әскери және азаматтық тұлғалар марапатталатын шетелдік азаматтар үшін Моңғолияның ең жоғары мемлекеттік наградасы ретінде құрылды.

Моңғолия Президенті Ухнаагийна Хурэлсухтың атынан тағы бір жоғары марапатқа қазақстандық ғалым, Халықаралық Түркі академиясының ғылыми қызметкері Ақеділ Тойшан ие болды. Ол «Достық» медалінің иегері атанды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға