Қарасай аудандық сотының үкімімен бұрынғы ректор – «Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университетінің» КЕАҚ Басқарма Төрағасы Г.Алдамбергенова, ректордың кеңесшісі Қ. Қожантаев (Алдамбергенованың туған ағасы) және «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалының Қарасай Жер кадастры және жылжымайтын мүлік бөлімінің басшысы А. Журунов кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сол үкіммен Қарасай бөлімі басшысының орынбасары Д. Жұмаділ мен бөлім маманы Е. Кемал шартты түрде 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Барлық сотталғандарға мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыру түріндегі жаза қолданылды.
Тергеу барысында сотталғандардың бөгде тұлғаларға заңсыз ресімделгені, университеттің 9 га жер учаскесін бөліп және адал сатып алушыларға сатқаны дәлелденді. Нәтижесінде университетке 95,5 миллион теңге шығын келтірілді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің бұрынғы ректоры 7 жылға сотталды
Оқи отырыңыз
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?