Жаңалықтар

Қазақ-түрік елдерінің штабтық келіссөздері өтті

Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі мәлімдеді
Қазақ-түрік елдерінің штабтық келіссөздері өтті
Фото: gov.kz 10.11.2022 20:42 1171

Астанада Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаменті бастығының жетекшілігімен қазақ-түрік елдерінің штабтық келіссөздері өтті, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Халықаралық әскери ынтымақтастық құрылымдарының басшылары екі елдің қорғаныс министрлері мен бас штаб бастықтарының кездесулерінің қорытындылары бойынша тапсырмалардың іске асырылу барысын, әскери білім беруді, оқу-жаттығуларға қатысуды, түрлі салаларда тәжірибе алмасумен қоса, ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйі мен келешектегі бағыттарын талқылады.

Нәтижесінде 2023 жылға арналған жоспарға қол қойылды. Сапар барысында түрік елінен келген қонақтар Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Мемлекеттік әскери-тарихи мұражайына да барып қайтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға