Жаңалықтар

Қазақ-өзбек парламентаралық форумы өткізілмек

Қазақ-өзбек парламентаралық форумы өткізілмек
Фото: Ақорда 08.08.2024 15:46 323

Бұл туралы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Ақордада өткен келіссөздерден кейінгі брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Біз болашақта Парламенттеріміздің қатысуымен «Парламентаралық форум құру» мәселесін қарастырдық. Қарым-қатынасымыздың тағы бір жаңа институтын Сыртқы істер министрлері кеңесін құру туралы шешім қабылдадық. Біз сауда өнеркәсіптік кооперациялар, энергетика, көлік және су шаруашылығы, мәдениет салаларындағы қарым-қатынасымызды одан әрі дамыту туралы нақты уағдаластықтарға қол жеткіздік, - деді Мирзиёев.

Өзбекстан президенті Қазақстан мемлекетінің басшысымен 2024-2034 жылдарға арналған бірлескен мәлімдемеге қол қойғанын атап өтті.

Стратегиялық әріптестік пен альянс бағдарламасын қабылдай отырып, жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін мақсат қойдық. Ең маңызды бағыттардың бірі өңіраралық ынтымақтастық бойынша басталған үлкен жұмысты одан әрі жандандыру туралы келістік. Кеше Астанада өткен бизнес форум мен кәсіпкерлер кеңесінің қорытындысы бойынша жалпы құны 7 миллиардтан асатын бірқатар келісімшарттар пен құжаттарға қол қойылды, - деді Өзбек елінің басшысы.

Жақын арада екіжақты тауар айналымын түбегейлі арттыруға бағытталған кешенді бағдарлама қабылданады.

Айта кетуіміз керек, бізде орасан зор әрі іске қосылмаған резервтер мен пайдаланымаған мүмкіндіктер бар. Жаңа инвестицилық жобаларды әзірлеу және іске асыру үшін маңызды алаң халықаралық өнеркәсіптік ынтымақтастық орталығының құрылысын жеделдетуге шешім қабылдадық. Бұл жұмыс қыркүйек айынан басталады. Онымен қоса, екі ел арасындағы басым бағыттар бойынша бірлескен жобаларды қаржыландыру үшін Қазақстан-Өзбекстан қорын құру мәселесін пысықтадық, - дейді Мирзиёев.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға