Жаңалықтар

«Қазақ газеттері» мен «Егемен Қазақстан» біріктірілді

Бұл туралы  Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті
«Қазақ газеттері» мен «Егемен Қазақстан» біріктірілді
Фото: gov.kz 23.01.2023 17:18 961

Алматыға жұмыс сапарымен барған ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі "Қазақ газеттері" ұжымымен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Жақында ғана қайта жасақталған ұжым құрамына «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Ана тілі», «Ақиқат», «Мысль», «Теңге монитор», «Ұйғыр авази», «Үркер», «Ақжелкен», «Балдырған», «Ұлан», «Дружные ребята» басылымдары кіреді.

Кездесу барысында екі ұжымның бірігуіне орай Думан Анаш «Қазақ газеттері" бас директордың орынбасары – Алматы филиалының басшысы, Ерлан Жүніс "Ана тілі" газетінің бас редакторы және Асыл Сағымбеков «Мысль» журналының бас редакторы болып тағайындалғаны айтылды.  

Министр өз өтініштері бойынша жұмыстан босаған белгілі қаламгерлер Шамшиддин Паттеев пен Қали Сәрсенбайға жемісті еңбектері үшін алғыс айтып, арнайы салалық медальдармен марапаттады.

Жиын қорытындысында Д.Қыдырәлі жуырда ғана жаңа ғимаратқа көшкен ұжым қызметкерлерінің жалақасы өскенін, қаламақы мен сыйлықақы көтерілгенін айтты. Сондай-ақ жаңа басшылық алдына тиісті міндеттер қойды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға