Жаңалықтар

Қазақ ғалымы ерекше әдістеме ойлап тапты

Қазақ ғалымы ерекше әдістеме ойлап тапты
Фото: gov.kz 01.02.2023 11:45 1744

Қазақстанда теңдесі жоқ ерекше әдістемені Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ «Dana bala» үздіксіз және инклюзивті білім беру орталығының жоғары білікті логопед-дефектологы Рауан Байчинов әзірледі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Айта кетейік, жас ғалым авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтар тізіліміне мәліметтер енгізу туралы куәлік алды. Жобаны дайындау кезінде тікелей ғылыми кеңесші болған педагогика ғылымдарының кандидаты, ҚР ЖАК доценті Кульчария Коккозева. «Кохлеарлы импланты бар мектеп жасына дейінгі қазақ тілді балалардағы дауыстың интонациялық құрылымдарын зерттеу» атты ғылыми жоба 2018 жылы басталған.

Бүгінде 86 балаға зерттеу жүргізілді. Олардың жетеуі дыбыстар мен сөйлеуді қабылдау, дыбысқа еліктеу, сөз тіркестері және қарапайым сөйлемдер атты төрт кезеңнен тұратын қайта оңалтудан өтіп жатыр. Жоба авторының айтуынша, әдістеме үш жастан жеті жасқа дейінгі балаларға арналған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға