Жаңалықтар

Қазақ футболының қара нары Сейілда Байшақов өмірден өтті

Қазақ футболының қара нары Сейілда Байшақов өмірден өтті
Фото: Қазақстан футбол федерациясы 12.07.2023 15:23 860

Қазақ футболы қара жамылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақ футболының аңызы, ҚР ардагерлер футболы одағының президенті, Қазақстан футбол федерациясының кеңесшісі Сейілда Байшақов 73 жасқа қараған шағында өмірден озды

Сейілда Икрамұлы КСРО спорт шебері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР еңбегі сіңірген жаттықтырушысы болды. Ұзақ жылдар бойы алматылық «Қайраттың» капитаны болып, КСРО ұлттық құрамасында ойнады

Сейілда Байшақовтың отандық футболдың дамуына қосқан үлесі орасан. Ел футболы үшін аянбай еңбек етіп, жас ұрпаққа үлкен тәлім-тәрбие берді. 

Қазақстан футбол федерациясы Сейілда Икрамұлының туысқандары мен жақындарына қатты қайғырып, көңіл айтады. Сейілда Байшақов есімі біздің жүрегімізде мәңгі қалады, - делінген федерация таратқан мәліметте.

Орталық қорғаушы позициясында ойнады. 

1966-1967 жылдар аралығында - «Қайрат» (Жамбыл)

1968-1970 жж. - «Энергетик» (Жамбыл)

1971 жылдан 1981 жылға дейін - «Қайрат» (Алматы)

1971 жылы «Қайрат» құрамында теміржолшылардың Халықаралық спорт одағының кубогын жеңіп алды.

1977 жылы ол КСРО ұлттық құрамасының құрамында 1978 жылғы FIFA Әлем кубогының іріктеу матчтарына қатысты.

1972 жылы оған «КСРО спорт шебері» атағы берілді.

2020 жылы «Парасат» мемлекеттік орденімен марапатталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға