Жаңалықтар

«Қазақ болып кеткен». Қазақ тілін үйреніп жүрген Илья Ильин желідегі жұртты елжіретті

«Қазақ болып кеткен». Қазақ тілін үйреніп жүрген Илья Ильин желідегі жұртты елжіретті
Фото: Видеодан кадр 20.12.2023 12:30 16945

Илья Ильин қазақ тілін үйреніп жүргені туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Желіге қазақша сөйлеген видеосын жүктеген ол: «Қайырлы кеш, достар! Тағы да қазақ тілінен қате жібердім. Мен үйреніп жатырмын және қателескен дұрыс» деп жазды.

Спортшының бұл бейнежазбасы желі қолданушыларын елжіретті.  

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Илья Ильин (@ilyailyinforever)

Әлеуметтік желідегі Ильиннің жазылушылары «Қазақ болып кеткен», «Нағыз Қызылорданың жігіті ғой», «Қазақша сөйлегенің тамаша», «Біздің сүйікті чемпион», «Жаным сол, қандай күшті жігітсің», «Ештеңе үйренгісі келмейтін адам ғана қате жібермейді», «Сені қазақи жаның үшін, мейірімді, ақжарқын мінезің үшін, еліңді, халқыңды сыйлағаның үшін жақсы көреміз» деп спортшыны қолдап, жылы лебіздерін білдіріп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға