Жаңалықтар

Қазақ боксшылары Венгриядағы турнирде 5 алтын жеңіп алды

Қазақ боксшылары Венгриядағы турнирде 5 алтын жеңіп алды
Фото: © Olympic.kz 21.01.2024 16:41 869

Венгрияның Дебрецен қаласында өткен бокстан Иштван Бочкай атындағы турнир өз мәресіне жетті. Жарыста қазақстандық боксшылар бес алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, Қазақстан командасы сапынан Асхат Жүсіпов (48 келі), Асылжан Серікбай (57 келі), Бeйбарыс Жексен (60 келі), Ертуған Зейнуллинов (63,5 келі) және Ерасыл Жақпеков (80 келі) чемпион атанды. 

Асхат Жүсіпов финалда украиналық Андрей Тишковецті жеңсе, Асылжан Серікбай венгриялық Роланд Верештен басым түссе, Бейбарыс Жексен венгриялық Крузито Ковачты ұтса, Ертуған Зейнуллинов Ричард Ковачты тізе бүктірді. 

Ал Ерасыл Жақпеков венгриялық Пал Ковачты жеңді. 

Күміс жүлдегерлер қатарында Даниял Сәбит (51 келі), Кенже Мұратұлы (54 келі), Сабыржан Аққалықов (71 келі) және Темірлан Мұқатаев (86 келі) бар. 

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға