Жаңалықтар

Қазақ бидайының генетикасы талқыға түсті

Қазақ бидайының генетикасы талқыға түсті
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі 02.02.2023 18:32 959

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Орта Азиялық бидайдың генетикасы мен геномикасы» тақырыбында халықаралық ғылыми семинар өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

Онда қазақстандық бидайдың генетикасы зерттелді. Семинарға бидай генетикасымен айналысып жүрген Ұлыбритания, Түркия, Пәкістан, Өзбекстан, Қырғызстан және еліміздегі жетекші оқу орындарынан зерттеуші ғалымдары келді. Олар қазақ бидайынан бөлек, Орта Азиялық бидай генетикасы мен геномикасы туралы зерттеулерін ұсынды.

Төрт күндік семинар барысында доктор Людзи Винген статистикалық және биоақпараттық талдау жасады, бидай генетикасы мен геномикасын басқару бойынша ғылыми жұмыс ұсынды. PhD кандидаты Анна Бахус гүлінің генетикалық архитектурасын зерттеді.

Жетісу университетінің Молекулалық генетика және геномика зертханасының меңгерушісі Қанат Ермекбаев - Қазақ бидайының бейімделуі мен өнімділігінің генетикалық бақылауы бойынша ғылыми зерттеулеріне талдау жасады. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға