Жаңалықтар

«Қазақ аналары» өкілдері Тұрсынбекованы қолдауға арналған науқан өткізді

Акция кандидат теледебатқа дайындалып жатқан кезде жүргізілді
«Қазақ аналары» өкілдері  Тұрсынбекованы қолдауға арналған науқан өткізді
Фото: Салтанат Тұрсынбекова штабының Баспасөз-хатшылығы 11.11.2022 14:45 1223

Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекованың жақтастары ерекше патриоттық акция өткізді, деп хабарлайды El.kz.

 «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдері өз кандидатын қолдау мақсатында Ақмола облысының Софиевка ауылына бейнебаян түсіруге барды.

 Құқық қорғаушы ұсынған бастамаларды қолдайтындарын білдіру үшін әйелдер қар басқан кең аумаққа шықты.  Сондай-ақ акцияның түрлі жастағы қатысушылары атқа қонып, қолдарына Қазақстанның туы мен кандидаттың есімі жазылған үгіт жалауын ұстап, далада серуен жасады.  Көріністі жан-жақтан сапалы етіп түсіру үшін дрондар пайдаланылды.

Олар: «Құрметті қазақстандықтар, «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі Салтанат Тұрсынбекованы қолдайды», – деп бірге дауыстап қолдау көрсетті.

 Акция кандидат теледебатқа дайындалып жатқан кезде жүргізілді.

 Еске салайық, жеребе қорытындысы бойынша құқық қорғаушы Салтанат Тұрсынбекованың бесінші болып сөз алатыны анықталды.  Пікірсайыс 11 қарашада, сағат 20:00-де «Хабар» телеарнасынан көрсетіледі

 Үміткерлер сайлауалды бағдарламаларымен таныстырып, бір-біріне сұрақтар қояды, сондай-ақ қазақстандықтардың сауалдарына жауап береді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға