Жаңалықтар

QAZAQ AIR Астанадан Үржарға алғашқы рейсін жасады

QAZAQ AIR Астанадан Үржарға алғашқы рейсін жасады
Фото: «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ 17.05.2023 08:37 738

QAZAQ AIR әуекомпаниясы Астана-Үржар-Астана бағыты бойынша алғашқы рейсін орындады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Енді қазақстандықтар Астанадан Үржарға аптасына 5 рет бір бағытта 16 000 теңгемен ұша алады. 

Авиакомпания өкілінің айтуынша, жаз маусымы басталмаса да, бір бағытқа борттың толықтығы 80 пайызды құрады

Астана-Үржар-Астана бағыты бойынша ұшулар жаңа генерацияланған de-Havilland Dash 8-Q400 канадалық әуе кемесінде орындалатын болады. 14 жасқа дейінгі балаларға компания 50% көлеміндегі жеңілдік ұсынады. Қолжүгін тасымалдау нормасы 5 кг, жолжүктікі – 20 кг. Ұшу датасы мен билеттерді қайтару кезінде ақша ұсталмайды

Билеттерді қазірден бастап flyqazaq.com ресми сайтынан, сондай-ақ әуекомпанияның сату кеңселерінде брондауға және сатып алуға болады

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға