Жаңалықтар

«Қаза тапқандар бар». Ұшақ тасжолға құлады

«Қаза тапқандар бар». Ұшақ тасжолға құлады
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 05.03.2024 15:00 2864

АҚШ-тың Теннесси штатында бір моторлы ұшақ тасжолға құлады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Нэшвилл полициясы әлеуметтік желіде таратқан ақпаратына сүйенсек, бір моторлы ұшақ I-40 шығыс жолағында апатқа ұшырады. Бортта болған бес адамда қаза тапты.

Ұшқыш Нэшвилл аэропортына апаттық қонуға өтініш жасаған. Себебі, электр қуат көзі мен қозғалтқышы істен шыққан. Алайда бірнеше минуттан соң, аэропртқа дейін жете алмайтынын мәлімдеген.

Қазір құқық қорғау органдары ұшақтың қай жерден ұшқанын анықтап жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға