Жаңалықтар

Қайырымдылық қорына ақша жинайтын блогерлердің аударымдары тексеріле ме?

Қайырымдылық қорына ақша жинайтын блогерлердің аударымдары тексеріле ме?
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 09.01.2024 17:29 2365

Қаржы министрінің орынбасары Ержан Біржанов блогерлердің мобильді аударымдарына қатысты сауалға жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

БАҚ өкілдері «Блогерлердің көбі кәсіпкер ретінде тіркелмеген. Әлеуметтік желідегі тікелей эфирлерінде ұтыс ойнатып, қайырымдылық қорына ақша жинап жатады. Олардың мобильді аударымдары тексеріле ме?» деп сұрақ қойды.

Аталған сауалға вице-министр мұндай хабарламар тек блогерлерден емес, басқа да азаматтардан жиі түсетінін және жеке азаматтар да көпшіліктен қаражат жинауы мүмкін екенін айтты.

Егер қаражат бір баланың еміне арналатын болса және 100 аударымнан асса, ендігі жылы мәлімет келеді. Сол кезде біз азаматқа арнайы хабарлама жібереміз. Азамат немесе блогер өзіне аударылған аударымдардың мақсатын түсіндіріп беруге тиіс. Жіберілген ақшаның реквизитін, кәсіпкерлік мақсатта емес екенін дәлелдесе, тұлғаға қатысты сұрақ туындамайды. Кім ақша жинайды, сол адам өзінің не үшін жинап жатқанын нақты білуі тиіс, – деді Ержан Біржанов.

Біржановтың айтуынша, егер кәсіпкерлік немесе жарнама болса, оның міндеттемелері пайда болады. Ал қайырымдылық жағдайы, туыстарына аударым жасаса, ешқандай сұрақ туындамайтынын атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға