Қайтарылған актив: Ұлытау облысында су құбырын жүргізуге қомақты қаражат бөлінді

 ©Pixabay.com
Фото: ©Pixabay.com

Үкімет Ұлытау облысында су құбыры желілерін тартуға Арнаулы мемлекеттік қордан 570 млн теңгеден астам қаржы бөлді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Жаңаарқа ауданындағы Ералиев ауылдық округі мен Ақбастау ауылының №189 разъезіндегі құбыр құрылысына 274 млн теңгеден астам қаржы бөлінген.

Жаңаарқа ауданындағы Бидайық ауылдық округіне жаңа су құбырын тарту жоспарланып отыр. Бұл мақсатқа 296 млн теңге қарастырылған.

Оқи отырыңыз:

Жоба тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға және ауылдық жерлерде инфрақұрылым құруға бағытталған. Барлық жұмыс аяқталғаннан соң Жаңаарқа ауданында халықты ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейі 100%-ды құрайтын болады.

Елімізде сумен жабдықтау қызметіне қолжетімділік қалалық елді мекендерде 99,4%-ды, ауылдық жерлерде – 97,8%-ды құрайды. Ұлытау облысында ауыз сумен қалалар 100%, ауылдар 97,3% қамтылған.

Оқи отырыңыз