Жаңалықтар

Қайта сындырып салуды ойлап келіппін. Роза Әлқожаның ұлына қайта операция жасайды

Қайта сындырып салуды ойлап келіппін. Роза Әлқожаның ұлына қайта операция жасайды
Фото: instagram.com/roza_alqozha 03.08.2023 15:01 6546

Белгілі әнші Роза Әлқожаның ұлына операция жасалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әнші осындай сәтте ұлының жанына бола алмайтынына өкініш білдірді.

Астанаға келгенімізге бір апта болды. Бар себеп баламен байланысты ғой. Бір қызығы, аяғындағы темірін алып тастаған соң, қайта сындырып салуды ойлап келіппін. Операциядан соң қисық біткен сүйекті сындыру мүмкін емес екен. Дәрігер жарып шыққан сүйекті кесіп, кішігірім операция жасайтын болды. Қисық біткен башпайларға енді ештеңе істей алмайтынымызды айтып, күнін бүгінге белгілеген. Ұлды алып келіп, тексертіп жүргеніммен, бүгін жұмысым бойынша басқа қалаға кеттім. Ең қиыны, қажет кезінде балаңның жанында бола алмау. Бейбарыс, Алла жеңілдігін берсін. Екі  операциядан кейін «енді ауруханаға бармаймын» деп едің. Соңғысы болсын. Сүйкімді аяқпен қайынжұртыңа күйеу боп баруға жазсын. Құдайдан басқа қамқорымыз жоқ, халықтан асқан жанашыр жоқ. Бәрі сәтті өтсін, , - деп жазды Роза Әлқожа.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға