Жаңалықтар

«Қайсар» клубы жаңа маусымда бақ сынайтын құрамын таныстырды

«Қайсар» клубы жаңа маусымда бақ сынайтын құрамын таныстырды
Фото: «Қайсар» ФК 25.02.2024 13:49 517

 «Қайсар» футбол клубы жаңа маусымға қатысатын ойыншыларын таныстырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Биыл команда құрамында 25 футболшы өнер көрсетсе, оның 11-і «Қайсар» сапына жаңадан қосылған. Қатарға жаңа қосылған футболшылар сапында Қазақстан құрамасына кандидат футболшылар Думан Нәрзілдаев, Айбар Жақсылықов, Тоқтар Жаңғылышбайлар бар.

Шара барысында облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов жанкүйерлерге аймақ басшысыныі құттықтауын жеткізіп, футболшыларға жейде табыстау рәсіміне қатысты.

Жиында бас бапкер Виктор Кумыков жаңа маусымда жанкүйерлерді барынша қуантуға тырысатынын жеткізді.

«Қайсар» футбол клубына қайта тағайындалғаныма қуаныштымын. Команда құрамындағы футболшылармен бірге әрдайым жеңіске ұмтыламыз. Жоғары жауапкершілікті сезінемін, – деді бас бапкер.

Кезекті ел біріншілігіне Қызылорданың «Қайсары» тыңғылықты дайындалды. Түркияда үш оқу-жаттығу жиынын өткізіп, Еуропаның 13 командасымен шеберлік байқасты.

Айта кетейік, «Қайсар» Қазақстан чемпионатының - турын 1 наурызда «Ақтөбемен» кездеседі. Матч Ғ.Мұратбаев атындағы орталық стадионда өтеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға