Жаңалықтар

Қайсар Алпысбай Азия ойындарында топ жарды

Қайсар Алпысбай Азия ойындарында топ жарды
Фото: ©Olympic.kz/Сали САБИРОВ 06.10.2023 16:05 719

Қайсар Алпысбай Ханчжоуда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында алтыннан алқа тағып, делегация қоржынына 9-алтынды тарту етті. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. 

WKF каратэнің кумите бағдарламасында (60 кг) Қайсар 2 дүркін Азия чемпионы кувейттік Абдулла Шаабаннан басым түсті. Аса тарытсты өткен жекпе-жектің есебі: 7-5.

Бағана Ұлттық құрама каратэшісі іріктеуде Малайзия, сосын биылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері Таиланд өкілі Сивакон Муектхонг (8-0),  пен Индонезия спортшысын жеңгенін айта кетейік.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға