"Қайрат" - "Реал Мадрид" матчының билеттері қанша теңге болады?

 ©El.kz
Фото: ©El.kz

"Қайрат" футбол клубы алдағы УЕФА Чемпиондар лигасы ойындарына билет сату жөнінде ресми мәлімдеме жариялады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Клубта әлеуметтік желілерде тараған "Қайрат" – "Реал Мадрид" ойынына билет сату немесе брондау туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын атап өтті.

"Билетке қатысты жалғыз ресми дереккөздер — клубтың ресми сайты мен "Қайрат" ФК-ның әлеуметтік желідегі ресми парақшалары", - делінген мәлімдемеде.

Клуб өкілдері қазіргі таңда билеттің сатылымға шығу күні мен бағасы бекітілмеген ескертті.

Қазақстандықтарға бейресми хабарламаларға сенбеуді және билеттерді ресми емес арналар арқылы сатып алмауды қатаң ескертеді.

Оқи отырыңыз