«Қайрат» пен «Пафос» матчына билеттер бағасы белгілі болды

 «Қайрат» ФК
Фото: «Қайрат» ФК

Алматының «Қайраты» Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өз алаңында Кипрдің «Пафос» клубымен өтетін матчтың билет бағаларын жариялады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Алдағы ойынға арналған билеттер құны былай белгіленді:

Батыс трибунасы – 30 000 теңге (1-9-секторлар, 1-3-қатар), 150 000 теңге (10-11, 16-17 және 1-9-секторлар, 4-қатардан бастап), 250 000 теңге (12-15-секторлар);

Шығыс трибунасы – 75 000 теңге (30-48-секторлар);

Солтүстік трибуна (қақпа артындағы орындар) – 30 000 теңге (20-28-секторлар), 75 000 теңге (18-19-секторлар);

Оңтүстік трибуна (қақпа артындағы орындар) – 30 000 теңге (49-58-секторлар), 75 000 теңге (59-60-секторлар).

Билеттер сатылымы бүгін, 13 қазан күні, сағат 12:30-да (Астана уақытымен) басталды.

Айта кетейік, «Қайрат» – «Пафос» матчы 21 қазанда Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Бұған дейін Рафаэль Уразбахтиннің шәкірттері алғашқы екі ойында лиссабондық «Спортингтен» (1:4) және мадридтік «Реалдан» (0:5) ұтылған болатын.

Оқи отырыңыз