Жаңалықтар

«Қайрат» пен «Ақтөбе» жанкүйерлері төбелесіп қалды

«Қайрат» пен «Ақтөбе» жанкүйерлері төбелесіп қалды
Фото: «Қайрат» клубы 09.12.2023 17:47 1041

Қазақстан чемпионатының аясында «Қайрат» — «Ақтөбе» клубтарының жанкүйерлері арасында кикілжің болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бірінші таймда есеп 2:1 кезінде қатты дыбыс естіліп, ол тіпті эфирде де естілген. Futsalkazakhstan командалар жанкүйерлерінің арасында төбелес болғанын анықтады.

Матчтардың өкілдері матчты уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады. Енді «Қайратқа» техникалық жеңіліс берілуі мүмкін. Себебі регламент бойынша қабылдаушы тарап қауіпсіздікті қамтамасыз етуге міндетті, - деп жазды Futsalkazakhstan өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға