Жаңалықтар

Қайрат Нұртастың әкесі Президентке шағым айтып, үндеу жолдады

Қайрат Нұртастың әкесі Президентке шағым айтып, үндеу жолдады
Фото: Видеодан кадр 14.08.2023 11:55 2264

Танымал әнші Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков әлеуметтік желідегі парақшасында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдап, әуекомпанияларға қатысты шағымын жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Нұртас Айдарбековтің айтуынша, 11 тамызда Астана-Алматы бағытындағы рейс ұшу уақытынан 5 сағатқа кешіктірілген. Ол мұндай жағдай жиі қайталанатынын айтып, еліміздегі әуекомпаниялардың жұмысын қадағалау керегін атап өтті.

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, менің сізге қоятын сауалым бар. Біздің еліміздегі әуе компаниялары еліміздің заңдарына бағына ма әлде ешкімге тәуелсіз, ешкімнің алдында жауап бермейтін компаниялар ма? Осы жайлы білгім келеді. Бұл сауалды қойып отырған себебім: мен шаруаларыма байланысты ұшақта көп жүретінім рас. Бұл бірінші рет емес. Мысалы, тамыздың 10-нан 11-не қараған түні 01 сағат 50 минут кеткенде Астанадан Алматыға ұшатын Air Astana компаниясының ұшағы таңғы 5-тен кете орнынан әрең қозғалды, - дейді әнші.

Сондай-ақ ол осындай сәттерде әуекомпанияның бірде-бір қызметкері мән-жайды түсіндіріп, кешірім сұрамайтынын айтып қынжылды.

Бір кісі келіп, осындай жағдай болып жатыр, кешіріңіздер, осындай техникалық ақау болып жатыр деген ешқандай ескерту жоқ, жәй ғана пәлен уақытқа кешіктірілді деп айтылды.Сонымен таңғы 5-ке дейін әуежайда отырдық. Бұл қалай? Олардың шаруалары жүріп жатыр, ал біздің ше? Біз сияқты қара халықтың шаруасы жоқ па? Мен Астанадан Алматыға келіп, өзге ұшаққа отырып, әрі қарай басқа жаққа жолға шығуым керек еді. Ол ұшаққа, әрине, кешіктім. Осындай бассыздыққа кім жауап береді? Сонда бұлардың сіздің тапсырмаларыңызды орындамағаны ма? Сіздің қойған талартарыңызды тыңдамайтын болған ба? – деді Нұртас Айдарбеков.

Әлеуметтік желідегі үндеуге Air Astana компаниясы ресми жауап берді. Компания қауіпсіздік талаптарын бірінші орынға қоятынын жазған.

Қолайсыздық келтіргеніміз үшін кешірім сұраймыз. Бұл рейс техникалық себептерге байланысты кешіктірілді. Біз қауіпсіздікке үлкен жауапкершілікпен қараймыз. Сондықтан ұшақтың ұшуға дайын екеніне көз жеткізгеннен кейін ғана ұшырамыз. Рейстің тоқтатылып немесе кешіккен жағдайда тасымалдаушының жолаушы алдындағы жауапкершілігі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында, атап айтқанда «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» заңның 86-бабында көрсетілген. Әуе компаниясы жолаушылар алдындағы жауапкершілікті толығымен түсінеді және ақшаны қайтару мәселесін қарастыруға дайын. Қызмет сапасын жақсарту мақсатында немесе ақшаны қайтару үшін help.airastana.com сайтында өтініш қалдыруыңызды сұраймыз, – делінген компанияның жауабында.

Нұртас Айдарбековтің үндеуіне желі қолданушылары да қосылып, наразылықтарын білдірген. Олар әуе рейстерінің үнемі кешігіп ұшатынынан әбден зәрезап болғанын жазып жатыр.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Айдарбеков Нуртас (@aidarbekov_nurtas)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға