Жаңалықтар

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдукәрімованың тойдағы биі көпшілікті сүйсіндірді

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдукәрімованың тойдағы биі көпшілікті сүйсіндірді
Фото: Видеодан кадр 30.01.2024 10:36 28334

Танымал отандық әнші Қайрат Нұртас пен оның жары Жұлдыз Әбдукәрімованың жанкүйерлері қуанып қалды. Жұлдызды жұп бірге бақытты екенін тағы бір дәлелдегендей, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Соңғы уақытта өнер иелерінің айналасында әртүрлі әңгіме айтылып жүрген, бұған олардың екіұшты жазбалары да түрткі болған.  

Дегенмен 29 қаңтар күні Қайрат пен Жұлдыз мерекелік кештердің бірінде «Қазақша ламбадаға» билеп, көпшілікті қуантып қойды.

Бұл кеште бізбен бірге биле, - деп жазды Әбдукәрімова.

Естеріңізде болса, 2024 жылдың басында бұл отбасы Катарға демалысқа барып, саяхаттан түрлі сурет пен видео салған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға