Жаңалықтар

Қайрат Нұртас айтқан хит украин тілінде орындалды

Қайрат Нұртас айтқан хит украин тілінде орындалды
Фото: instagram.com/kair_n /Видеодан алынған кадр 11.01.2024 15:16 1438

Қайрат Нұртастың әндері хитке айналатынына үйреніп қалғанбыз. Бірақ өнер жұлдызының туындысы бұл жолы украин тілінде танымал болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қайраттың «Сені сүйем» әнін кавер орындаушы Sergiy184 украин тілінде айтып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Өнер иесінің туындысын Сергій Заболотний украин тіліне аударған.

Әлеуметтік желідегі видеоны көрген тыңдарман қауымның пікірі қақ жарылды: бірі Қайрат Нұртастан асырып орындау мүмкін емес десе, енді бірі бұл ән украин тілінде ерекше бояу алғанын жазып жатыр.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от EL.KZ (@el.kz)

«Қазақтан асырып ешкім айта алмас», «Жақсы орындап шықты, бүлдіріп алған жоқ, маған ұнады», «Мына жігіт украин тілінің әсемдігін көрсетті», «Дауысы жетпей жатқан сияқты, біздің жігіт керемет айтады ғой», «Қайратты Украинада да жақсы көреді», «Қандай керемет орындау, махаббаттың гимні секілді», - деп жазып жатыр оқырмандар.

Бұл видео УouТube-те 500 мыңнан астам қаралым жинаған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға