Жаңалықтар

Қайрат Боранбаев «Comfort Hotel Astana» қонақ үйін мемлекет меншігіне қайтарды

Қайрат Боранбаев «Comfort Hotel Astana» қонақ үйін мемлекет меншігіне қайтарды
Фото: © ҚМА 16.10.2023 15:45 613

Тергеумен ерікті ынтымақтастық аясында ҚМА Қайрат Боранбаевтың мүлкін мемлекетке қайтару шараларын қабылдауда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қ.Боранбаевтың компаниялары Мемлекеттік мүлік комитетіне жалпы құны 1,4 млрд теңгеден асатын «Comfort Hotel Astana» қонақ үй кешенін мемлекет меншігіне өз еркімен беру үшін тиісті өтінімдер берді.

Аумағы 5 мың шаршы метрден асатын бұл қонақ үй кешенінің жылдық айналымы 900 млн теңгеге жуық. 

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес бұл нысанды демалыс, сауықтыру және білім беру орталықтарын ұйымдастырумен әлеуметтік мақсатта пайдалану жоспарлануда. 

Активтерді қайтару бойынша белсенді жұмыстар жалғасуда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға