Жаңалықтар

Қайрат Әділгерей Сәбит Әбдіхалықовтың жағдайын сұрап барды

Қайрат Әділгерей Сәбит Әбдіхалықовтың жағдайын сұрап барды
Фото: Instagram/kairat_adilgerey 01.03.2024 11:51 1277

Жақында жүрегіне бес сағат бойы операция жасатқан Сәбит Әбдіхалықов жақындарына алғыс айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бірқатар өнер иелері продюсердің жағдайын сұрап барған. Суреттен байқағанымыздай, досы Жалғас Толғанбай, әзілкеш Қайрат Әділгерей, Шағуан Үмбетқалиев, Олжас Сақ пен Рахымжан Құдайбергенов барған.

Жалғас досым таң атпай келіпті. Шағуан, Олжас, Рахымжан бауырларыма Алла разы болсын, - деп жазды Сәбит Әбдіхалықов. 

Қайрат Әділгерей де бірге түскен суретін Instagram парақшасында жариялап, ізгі тілегін білдірді.

Сәке ауырмаңыз, тезірек жазылып аяққа тұрып кетуге тілектеспін, - деп жазды Қайрат Әділгерей. 

Еске салайық, Сәбит Әбдіхалықов инфаркт алғаннан кейінгі ота жайлы айтқан еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға