Жаңалықтар

Қайдан келгенін түсіндіре алмаған қазақстандық 11 млн долларын мемлекетке қайтарды

Қайдан келгенін түсіндіре алмаған қазақстандық 11 млн долларын мемлекетке қайтарды
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ 12.06.2024 16:34 1258

Бас прокуратураның активтерді қайтару комитетінің төрағасы Нұрдәулет Сүйіндіков «түсініксіз байлық» мәртебесі бар активтер туралы айтты, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Бұл туралы "Возврату подлежит" деректі фильмі аясында сұхбат берді.

Нұрдәулет Сүйіндіковтің айтуынша, өткен жылдары құқық қорғау, арнайы мемлекеттік және уәкілетті органдардың бірлесе істеген жұмысы аясында 1,5 триллион теңгеге жуық мүлік қайтарылды.

Мұндай көрсеткішке жаңа заң нормаларын қолданбай қол жеткіздік. Ал арнайы заңның нәтижесінде бізде бекітілген шаралар, қылмыстық істер бойынша келісімдер, талаптар, процессуалдық келісімдер бар. Осылайша 325 миллиард теңгеге тең шаралар біздің қолымызда. Бұл тек биылғы және жаңа заңның нәтижесінде қол жеткізген көрсеткіш, – дейді Активтерді қайтару комитетінің төрағасы.

Оның айтуынша, қаржының көп бөлігі ерікті түрде қайтарылған.

Қазіргі көптеген қаражатты бізге өз еріктерімен қайтарады. Әрине, күш қолданған кездер де болды. Субъектер өздері келіп, активтерді қайтарады. Әлемде активтерді қайтарудың бірнеше тәсілі бар. Соңғы шыққан тәсілдердің бірі – «түсініксіз байлық» туралы арыздар. Мемлекеттің орынды талаптары бар. Бұл мемлкеттің бір немесе бірнеше тұлғалардың заңды түрде бір мүлікке ие. Ол бұл мүлік заңды жолмен келгенін дәлелдеу керек. Егер, ол дәлелдей алмаса, сот шешімімен бұл мүлікке «түсініксіз байлық» мәртебесі беріліп, мемлекет кірісіне айналады. Дәл осындай арыз Қазақстанда бар. Осылай жақын арада мемлекет кірісіне 11 миллион АҚШ доллары келеді, - деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға