© Pixabay.com

Қатты жел, найзағай, бұршақ: "Қазгидромет" дауылды ескерту жариялады

20.06.2025 06:38 13070

«Қазгидромет» Қазақстан бойынша дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. 

Ел бойынша негізгі қауіптер:

найзағай, дауыл, бұршақ;
қатты ыстық (35°C-қа дейін);
жел екпіні 23–28 м/с дейін;
кей аймақтарда шанды дауыл.

Сонымен қатар, өңірлердің басым көпшілігінде жоғары және төтенше өрт қауіпі күтіледі.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты ТЖМ ескертеді: 
- қатты ыстық пен жел кезінде орманға немесе далаға барудан аулақ болыңыз;
- найзағай кезінде ағаш астында тұрмаңыз, көшеде электроқұрылғыларды пайдаланбаңыз;
- от жақпаңыз, жанғыш заттарды күн астында қалдырмаңыз;
- ауа райы нашарлағанда — үйде болғаныңыз абзал.