Қатон-Қарағай ұлттық паркінде қар барысы суретке түсіп қалды
16.05.2025 11:00
804

Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Қатон-Қарағай ұлттық табиғи паркінің Аршаты орманшылығында қар барысы суретке түсіп қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, фототұзақты орманшы Жомарт Аманбаев орнатқан.
Нәтижесінде ҚРҚызыл кітабына енгізілген қар барысы (Panthera uncia) бейнеленген бірегей кадрлар алынды.
Бұл дерек табиғатты қорғау бағытында қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін көрсететін маңызды дәлел болып табылады. Жабайы жануарларды бақылау жұмыстары жалғасуда, - делінген мәліметте.
Бөлісу:
