Жаңалықтар

Қатерлі ісікке шалдыққан науқастар call-орталыққа хабарласып, көмек сұрай алады

Қатерлі ісікке шалдыққан науқастар call-орталыққа хабарласып, көмек сұрай алады
Фото: ©pixabay.com 12.06.2024 15:06 303

Енді қатерлі ісікке шалдыққан науқастар call-орталыққа хабарласып, көмек сұрай алады, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Денсаулық сақтау министрлігі онкологиялық көмек көрсету мәселелері бойынша нөмірі 8 (7172) 570 950 болатын республикалық call-орталықтың жұмысын бастады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлімдеді

Осы нөмірге хабарласып, онкологиялық көмектің қолжетімділігі мен сапасы мәселелері бойынша өтініш қалдыруға болады, оның ішінде емделуден және көмек көрсетуден бас тарту жағдайлары туралы хабарлауға болады, — делінген хабарламада.  

Әрбір шағым мұқият қаралып, тиісті медициналық көмек көрсету бойынша шаралар қабылданады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға