Жаңалықтар

Қатарынан бесінші жеңіліс: «Барыс» есін жия алмай келеді

Қатарынан бесінші жеңіліс: «Барыс» есін жия алмай келеді
Фото: hcbarys.kz 29.01.2024 07:22 416

Астананың «Барыс» клубы ҚХЛ аясында өз айдынында Қазанның «Ак Барс» клубын қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Матч алдында елордалықтар Шығыс конференциясында соңғы орында тұрса, ресейліктер жетінші сатыда болған.

Олег Болякин айдынға мына құрамды шығарды: Шутов (Паскуале) — Скленичка-Ножье, Камара-Апальков-Оберг; Нұрғалиев-Гайтамиров, Өмірбеков-Шестаков-Савицкий; Хенкель-Шалапов, Әсетов-Червени-Шайхмедденов; Қайыржан-Оспанов, Рымарев-Борисевич-Мұратов.

Алғашқы кезең қонақтардың басымдығымен аяқталды. Соғылған екі шайбаға астаналықтардан Давид Скленички жауап қайтарды. Екінші кезеңде ештеңе өзгерген жоқ. Қорытынды кезеңде қарсыластар тағы бір шайбамен көзге түсті — 3:1, ал елордалықтар осымен бесінші матч қатарынан жеңіліс тапты.

31 қаңтарда «Барыс» өз айдынында Омбының «Авангард» клубын қабылдайды.

«Барыс» (Астана, Қазақстан) — «Ак Барс» (Қазан, Ресей) 1:3 (1:2, 0:0, 0:1)

Шайбалар:
0:1 — 04:29 Юдин (Миллер, Кошелев).
0:2 — 12:45 Семёнов (Кошелев).
1:2 — 19:46 Скленичка (Камара, Апальков).
1:3 — 46:08 Миллер (Кошелев, Семёнов).

Қақпашылар: Шутов — Мифтахов

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға