Жаңалықтар

Қатар-2022: Оңтүстік Корея құрамасы Португалияны жеңіп кетті

Ойын 2:1 есебімен аяқталды
Қатар-2022: Оңтүстік Корея құрамасы Португалияны жеңіп кетті
Фото: championat.com 03.12.2022 00:04 1849

Қатарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатында Оңтүстік Корея футболшылары Португалияны жеңіп кетті, деп хабарлайды El.kz.

Қос құрама дүбірлі доданың 3-турындағы матчта кездескен.

Ойын Эр-Райяндағы 44 мыңнан астам адам сыятын «Эдьюкейшн Сити» стадионында өтті. Кездесуде 2:1 есебімен Оңтүстік Корея командасы жеңді.

Ойындағы алғашқы голды Рикарду Орта ашты. Ал қарсылас команда сапынан Ким Юнь Квон бірінші таймның ортасында есеп теңестіріп үлгерді.

Ойын нәтижесі 2:1 ұпаймен азиялықтардың пайдасына шешілді.         

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға