Жаңалықтар

Қатар-2022: Марокко құрамасы Португалияны жеңіп кетті

Олар әлем біріншілігінің жартылай финалына жолдама алды
Қатар-2022: Марокко құрамасы Португалияны жеңіп кетті
Фото: inform.kz 10.12.2022 23:05 1168

Қатарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатында Португалия құрамасы Мароккодан 0:1 есебімен ұтылып қалды, деп хабарлайды El.kz.

Осылайша, португалиялықтар жартылай финалға өту мүмкіндігінен айырылды.

Ойындағы жалғыз голды Юссеф Эн-Несири матчтың 42-шы минутында салды.

Португалия құрамасының «жұлдызы» Криштиану Роналду матч басында қосалқы құрамда болғандықтан, алаңға шыға алмады. Ол ойынға 51-ші минутта ғана қосылды. Сонымен Роналду спорттағы мәнсабында құрама сапында 196-шы рет ойнады. Ол ұлттық командадағы матч саны бойынша әлемдік рекордын қайталаған.

Алайда марокколықтарға есе жіберген ойыннан соң Криштиану көз жасына ерік берді.

Ал Марокко құрамасы біріншіліктің жартылай финалына өткен алғашқы африкалық команда ретінде рекорд орнатып отыр.  

Жартылай финалда Марокко Англия-Франция кездесуінің жеңімпазымен бақ сынасады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға