Жаңалықтар

Қатар-2022: Марокко әлем чемпионатында тарихи жетістік тіркеді

Осылайша, әлем біріншілігінің ширек финалына өтті
Қатар-2022: Марокко әлем чемпионатында тарихи жетістік тіркеді
Фото: AP/Petr David JOSEK 07.12.2022 00:09 1924

Қатарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатында Марокко құрамасы Испанияны жеңді, деп хабарлайды El.kz.

Пенальтимен жеңіске жеткен марокколықтар ширек финалға жолдама алды.

Кездесу «Юдьюкейшн Сити» стадионында өтті. Ойын тартысты өтсе де, 90 минут бойы қарсыластар бір-бірінің қақпасына гол соға алмады.

Матчтың судьясы командалар қосымша уақыт берсе де, ойынның есебі ашылмады. Матчтан кейін пенальти кезінде африкалық футболшылар басым түсіп, 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Марокколықтар Португалия-Швейцария кездесуінің жеңімпазымен бақ сынасады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға