441.12
465.6
5.82

Қатар-2022: Хорватия қола жүлдегер атанды

Әлем біріншілігінде хорватиялықтар Марокко құрамасын жеңді
Twitter/@HNS_CFF
Фото: Twitter/@HNS_CFF 17.12.2022 23:00 451

Қатарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатында Хорватия құрамасы қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Дохада Хорватия мен Марокко құрамалары қола жүлде үшін бақ сынасты.

Хорватиялық командасынан қорғаушы Йошко Гвардиол 5-ші минутта есеп ашты. Екі минуттан соң марокколықтар тарапынан қорғаушы Ашраф Дари есепті теңестірді. 42-ші минутта хорватиялықтар тағы бір гол соғып, алға шықты.

Ойынның екінші таймында есеп өзгермеді.

Нәтижесінде 2:1 есебімен Хорватия құрамасы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

18 желтоқсанда сағат 21:00-де чемпионаттың финалы өтетіні белгілі. Аргентина мен Франция кубокқа таласады.  

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Жаңалықтар