Жаңалықтар

Қатар-2022: Бразилия әлем чемпионатынан шығып қалды

Жеңіске жеткен Хорватия құрамасы жартылай финалған жолдама алды
Қатар-2022: Бразилия әлем чемпионатынан шығып қалды
Фото: twitter/fifaworldcup 10.12.2022 00:08 1381

Қатарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатында Бразилия құрамасы хорватиялықтарға есе жіберіп, чемпионаттан шығып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Көпшілік асыға күткен тартысты дода «Эдьюкейшн Сити» стадионында өтті.

Хорватия спортшылары бразилиялықтарды пенальтимен ұтып кетті.

Алғашқы 90 минутта бірде-бір гол соға алмаған құрамалардың ойыны екінші таймда қызғандай болды. Алайда негізгі уақыт аяқталған соң рефери қосымша уақыт берді.

Бір-бір ұпаймен есеп теңестірген командалар матчтен кейінгі пенальти 4:2 есебімен хорватиялықтардың пайдасына аяқталды.   

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға