Жаңалықтар

Қатар-2022: Аргентина құрамасы финалға жолдама алды

Аргентиналықтар Хорватия құрамасын айқын басымдықпен жеңді
Қатар-2022: Аргентина құрамасы финалға жолдама алды
Фото: Twitter/FIFA World Cup 14.12.2022 03:01 1032

Қатарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатында Аргентина құрамасы Хорватия спортшыларын жеңіп, финалға жолдама алды, деп хабарлайды El.kz.

Тартысты бәсеке Лусаилдағы «Лусаил Айконик» стадионында өтті. Ойын шотын пенальтимен гол соғып, Лионель Месси ашты. Одан соң мергендігімен көзге түскен Хулиан Альварес екі рет командасына ұпай сыйлады.

Аргентиналықтар 3:0 есебімен басымдық танытып, финалға өтті.

Енді Аргентина құрамасы 14 желтоқсан күні өтетін Франция-Марокко кездесуінің жеңімпазымен финалда бақ таластырады.

Айта кетерлігі, Франция мен Марокко құрамаларының ойынын Астана уақытымен сағат 1.00-де «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирінен тамашалауға болады. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға