Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Франция Республикасына ресми сапары аяқталды

Бұл туралы Ақорда мәлім етті
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Франция Республикасына ресми сапары аяқталды
Фото: Ақорда 30.11.2022 19:23 1734

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Париж әуежайынан шығарып салу рәсімі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

29 қарашада Парижге ресми сапармен келген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президенті Эмманюэль Макронмен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді. Келіссөзге дейін Елисей сарайында ресми қарсы алу рәсімі өтті.

Мемлекет басшысы Францияға ресми сапары аясында Француз халықаралық қатынастар институтының президенті әрі негізін қалаушы Тьерри де Монбриальмен кездесті.

30 қарашада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Сенатының төрағасы Жерар Ларшемен кездесті. 

Мемлекет басшысы Францияның атом өнеркәсібі, энергетика, өнеркәсіптік газдарды өндіру, көлік және басқа да салалардағы ірі компанияларының басшыларымен екіжақты кездесулер өткізді.

Президенттің Францияға жасаған ресми сапарының басым бағыттарының бірі экономикалық ынтымақтастық болды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай айтты. 

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев және Франция Республикасының Президенті Эмманюэль Макрон бірлескен мәлімдемесін жариялады.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға ресми сапарында бірнеше құжатқа қол қойылды.

Мемлекет басшысы Францияға жасаған ресми сапары аясында Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Бас хатшысы Матиас Корманмен кездесу өткізді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға