Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Ресейге барады

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Ресейге барады
Фото: akorda.kz 08.05.2023 18:25 888
Мемлекет басшысы 8-9 мамыр күндері Ресейге жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
 
Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді. Сапар аясында Президент Тверь облысындағы Ржев мемориалына барып, 100-ші және 101-ші атқыштар дивизияларының құрамында шайқасып, қаза тапқан қазақ жауынгерлерінің рухына тағзым етпек. Ржев шайқасы Ұлы Отан соғысы кезіндегі ең ірі ұрыстардың бірі саналады
 
Сонымен қатар Мемлекет басшысы Трубино деревнясындағы бауырластар зиратына барады. Онда Президенттің әкесінің ағасы Қасым Болтаев та жерленген. Ржев түбіндегі шайқасқа Қазақстаннан 22 мыңға жуық сарбаз бен офицер қатысты.
Қасым-Жомарт Тоқаев 9 мамыр күні Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 78 жылдығына арналған парадқа қатысады, - деді Руслан Желдібай. 
Бұл шараға Ресей тарапы ТМД-ға мүше елдердің басшыларын шақырған.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға