Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қырғызстанға барды

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қырғызстанға барды
Фото: Ақорда 02.06.2023 11:16 759

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері мен Еуропалық одақ басшыларының екінші кездесуіне қатысу үшін Шолпан-Ата (Қырғызстан) қаласына жұмыс сапарымен барды.

Мемлекет басшысын әуежайда Министрлер кабинетінің төрағасы – Қырғызстан президенті Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров қарсы алды.

Саммитке Қасым-Жомарт Тоқаевпен қатар Еуропалық кеңестің президенті Шарль Мишель, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев және Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Нұрмұхаммет Аманнепесов қатысады деп жоспарланып отыр.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от EL.KZ (@el.kz)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға