Мемлекет басшысы әріптесін АҚШ Президенті Дональд Трамппен Анкориджде өткен кездесу қорытындысымен құттықтады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Президенттің пікірінше, келіссөздер Ресейдің Украина жөніндегі ұстанымын америкалық тараптың жақсы түсінуіне септігін тигізді. Бұл күрделі мәселенің шешімін іздеуде ортақ тіл табысуға көмектеседі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Аляскадағы саммитті Ресейдің халықаралық позициясын және әлемдік аренадағы өзара түсіністікті нығайту тұрғысынан айтулы кездесу болды деп санайды.
Мемлекет басшысы сапардың сәтті ұйымдастырылғанын атап өтті. Қазіргідей күрделі жағдайда мұның саяси мәні зор.
Владимир Путин өз тарапынан әріптесіне Аляскада өткен келіссөздің кейбір нақты аспектілері туралы мәлімет берді.
Әңгімелесу соңында Қазақстан Президенті Ресей Президентіне энергетика саласындағы конструктивті ынтымақтастық үшін ризашылық білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті
Оқи отырыңыз
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді