Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Үкімет жаңа қарқынмен жұмыс істеуі керек

Қасым-Жомарт Тоқаев: Үкімет жаңа қарқынмен жұмыс істеуі керек
Фото: Akorda.kz 06.02.2024 15:09 593

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Отырыста сөйлеген сөзінде Президент Үкімет жаңа қарқынмен жұмыс істеу керектігін атап өтті.

Ең бастысы, біздің барлық іс-әрекетіміз Әділетті Қазақстан құру қағидатына сай болу қажет. Алдымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық саясатына жаңа серпін беру керек. Яғни, экономиканың барлық саласын дамыту, ынталандыру жолдары мен алдын ала міндеттерді қайта қарау қажет. Сондықтан дереу жұмысқа кірісу керек, – деді мемлекет басшысы.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға