Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев теннисші Алан Құрманғалиевті құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев теннисші Алан Құрманғалиевті құттықтады
Фото: olympic.kz 12.12.2022 10:15 1279

Қасым-Жомарт Тоқаев теннисші Алан Құрманғалиевті құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аралас санатта үстел теннисінен әлем чемпионы атанған халықаралық дәрежедегі спорт шебері Алан Құрманғалиевті құттықтады.

– Қазақстанда үстел теннисінің жанкүйерлері өзіңді мақтан тұтады. Осы жетістіктеріңмен шектелмей, беделді әлемдік турнирлерде ең жоғары жүлделерге ие болу үшін спорттағы шеберлігіңді шыңдай түсуіңе тілектеспін. Бұл міндет сенің қолыңнан келеді! Талмай еңбек ет, күрес және жеңістерге жете бер! – деп жазылған Мемлекет басшысының жеделхатында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға