Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей мен Францияға ресми сапармен барады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей мен Францияға ресми сапармен барады
Фото: Ақорда 25.11.2022 16:02 934

Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қараша күні Ресей Федерациясына ресми сапармен барады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы Мәскеуде Ресей Президенті Владимир Путинмен келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ екі ел басшылары Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық ынтымақтастық форумының жұмысына бейнебайланыс режимінде қатысады.
  
29-30 қараша күндері Қазақстан Президенті Францияға ресми сапармен барады. Қасым-Жомарт Тоқаев Парижде Франция Президенті Эмманюэль Макронмен келіссөз жүргізеді деп жоспарланып отыр. Келіссөз барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы стратегиялық серіктестікті дамыту перспективалары талқыланады. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Францияның іскер топтары өкілдерімен бірқатар кездесу өткізеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға