Украина тарапының бастамасымен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Президент Владимир Зеленский телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ халқының украин халқына, оның тарихына, мәдениетіне және тіліне ерекше құрметпен қарайтынын атап өтті.
Мемлекет басшысы Қазақстанның Украинада халықаралық құқық қағидаттары негізінде бейбітшілік орнауына сөзсіз мүдделі екенін жеткізді.
Атап айтқанда, Президент Астананың әуел бастан әділдік негізінде бейбітшілік формуласын бірлесе іздеуді жақтағанын, БҰҰ Жарғысын, мемлекеттердің егемендігі мен аумақтық тұтастығына қолсұқпаушылық қағидатын сақтау туралы жүйелі түрде пікір білдіргенін еске салды.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, қазіргідей өте күрделі жағдайда Украина мемлекеттілігін сақтау мен қорғауды қамтамасыз ете отырып, қақтығысты байыпты түрде шешу маңызды.
Мемлекет басшысы тараптар «Жанжалдан, жаман болса да бітім артық» деген көнеден келе жатқан даналыққа сай әрекет етуге тиіс деп санайды.
Қазақстан Президенті территориялық түйткілдің күрделі екенін түсінетінін айтты. Бұл – халықаралық қатынастардағы ең қиын мәселе. Көбіне бейбітшілік туралы келісімге қол жеткізу, тіпті бітімге келу жолында еңсерілуі қиын кедергіге айналады. Бірақ қазіргі ең басты міндет – қауіпсіздігіне
халықаралық кепілдік беру арқылы Украина елінің мемлекеттілігін сақтау.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Украинамен өзара мүддеге сай келетін түрлі салада белсенді ынтымақтастық құруға ниетті екенін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Зеленский телефон арқылы сөйлесті
Оқи отырыңыз
9 Сәуір, 10:00
Төрешілер былығына федерация кінәлі ме? І Бізде бомбардирлер жоқ І «Астанаға» обал болды8 Сәуір, 17:20
Талант, тәртіп және төзім: GGG формуласын кім бұза алады?8 Сәуір, 09:02
140 балл және «Алтын белгі» мектебі: жоғары нәтиженің құпиясы неде?3 Сәуір, 10:03
«Таза ауада серуендемейді»: дәрігер бала дамуының кешеуілдеуіне әсер ететін факторларды атады